Жастар тәрбиесі – қоғамдағы өзекті мәселе

Ақтауда «Кеңес алаңы» жобасы аясында «Ұл тәрбиесі – ұлттың тәрбиесі» және «Қыз -ұлт болашағы» деген атаумен кеңес беру іс-шарасы ұйымдастырылды.

Соның негізінде Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты №2 емханасының психологы Маржан Мұстафина қатысушы жастарға маман ретінде кеңес берді. Белгілі психолог аталған шара арқылы жастарға қоғамды алаңдатып отырған нашақорлық, ЖИТС, арақ, темекі сияқты зиянды әрекеттердің белең алып бара жатқандығын ескерте отырып, оны болдырмаудың алдын алуға тәрбиелеуге әсер ете аламыз дегенді алға тартады.

Сонымен бірге, шақырылған мамандар жастарды жаман әдеттерден сақтандыру, ерте жастан жыныстық қатынас пен оның кері салдары және жұқпалы аурулардың алдын алу секілді жайттар төңірегінде қойылған сауалдарға жауап берді.
Бұдан бөлек, «Ұл тәрбиесі – ұлттың тәрбиесі» және «Қыз – ұлт болашағы» іс-шарасы Ақтаудағы орта мектептерде жалғасын табатын болады. Бұл ретте жоғары сынып оқушыларына арнайы мамандар жат әдеттерден аулақ болып, оның алдын алуда тағылымға толы кездесу өткізуді көздеп отыр.

Exit mobile version