Жастар саясатындағы әлеуметтік жобалар бойынша жиын өтті

Бүгін Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Мұқаш Оралбай аймақтағы мемлекеттік жастар саясатындағы жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобалар бойынша жиын өткізді.

Жиынға аймақтағы жастар ресурстық орталықтарының басшылары, “Түпқараған жастары” жастар қоғамдық бірлестігі, “Ақтау студенттер Альянсы” корпоративтік қоры, “AktownX” қоғамдық қоры, “Риза ана” қоғамдық қоры, “ZhasArt” жекеменшік мекемесі, “Қолдау” жекеменшік мекемесі, “Боранқұл командасы” қоғамдық қорының жетекшілері қатысты.

Жиынға қатысушылар өңірде жүзеге асып жатқан жастарға арналған әлеуметтік жобалардың ашықтығын қамтамасыз ету, оның тиімділігін арттыру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Exit mobile version