Жастар ресурстық орталығының басшысы тағайындалды

Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының басшысы болып Гүлмира Бурхандинова тағайындалды, – деп хабарлайды орталықтың баспасөз қызметі.

Гүлмира Бурхандинова 1990 жылы Ақтау қаласында туған. Еңбек жолын 2006 жылы «Ақтау студенттер альянсы» қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі болып бастаған.

2009 – «Арман облыстық жастар орталығы» КММ Мұнайлы аудандық жастармен жұмыс бөлімінің маманы, «Арман облыстық жастар орталығы» КММ жастарды жұмысқа орналастыру бойынша бөлімінің маманы, «Арман» облыстық жастар орталығы» КММ мәдени-бұқаралық жұмыс бойынша бөлімінің маманы болып жұмыс істеді.

2010 жылы «Арман» облыстық жастар орталығы» КММ мәдени-бұқаралық жұмыс бойынша бөлім басшысының міндетін атқарушы;

2010–2013 жылы – «Арман облыстық жастар орталығы» КММ кадрларды іріктеу және даму бөлімінің басшысы, «Арман облыстық жастар орталығы» КММ мекеме бастығының орынбасары;

2013 – 2016 жылы – «Ақтау студенттер Альянсы» корпоративтік қорының атқарушы директоры;

2016-2017 жылы – «Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығы» КММ жастар жобалары мен шығармашылық бөлімінің маманы, «Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығы» КММ директорының уақытша міндетін атқарушы, «Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығы» КММ директоры қызметін атқарды

2017 жылдан бастап «Ақтау студенттер Альянсы» корпоративтік қорының атқарушы директоры болды.

2018 жылы Маңғыстау облыстық Атамекен кәсіпкерлер палатасының адами капиталды даму бөлімінің басшысы;

2023 жылдың шілдесіне дейін «7ЖҰРТ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы болды;

Шілдеден қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Exit mobile version