Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары тағайындалды

Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары болып Гүлмира Бурхандинова тағайындалды, — деп хабарлайды орталықтың баспасөз қызметі.

Гүлмира Бурхандинова 1990 жылы Ақтау қаласында туған. Еңбек жолын 2006 жылы «Маңғыстау облысындағы студенттер альянсы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып бастаған.

2009 — 2010 жж — «Арман» облыстық жастар орталығында «Мәдени-бұқаралық жұмыс бөлімі» ММ басшысы;

2010 — 2012 жж — «Облыстық жастар саясаты орталығының» «Кадрларды іріктеу және дамыту» бөлімінің басшысы;

2012 — 2013 жж — «Облыстық жастар саясаты орталығы» директоры орынбасарының міндетін атқарушы;

2010 — 2016 жж — «Ақтау студенттерінің альянсы» КҚ атқарушы директоры;

2016 жылы — «Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығында» маман;

2017 жылы қаңтар-мамыр — «Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы» директоры:

2019 жылдың тамыз айына дейін Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы болды.

Қазіргі таңда «Ақтау студенттер альянсы» КҚ атқарушы директоры қызметін атқарады.

Exit mobile version