Жастар қаржылық сауаттылығын арттырды

Бүгін маңғыстаулық жастар Жастар лагерьі аясында Бибігүл Шайхиеваның «Қаржылық сауаттылық» тақырыбындағы тренингіне қатысты.

Тренинг барысында қатысушылар қаржыға деген түсінікті дұрыс қалыптастыру және оны тиімді жұмсау туралы ақпараттармен танысты.

Бибігүл Шайхиеваның айтуынша, көп адам қаржыға «қолдың кірі» ретінде қарайды. Содан болар бірден одан құтылуға, тез жаратып тастауға тырысады. Негізінде бұл дұрыс емес, жай ғана стереотип.

«Тренинг алдымен шығындарды анықтап алдық. Мысалы, қатысушылардың 30 пайызы ай сайын депозитке қаржы салса, қалғаны қаржы жетпейтінін айтты. Сондай-ақ көбінде несие бар. Мұның барлығы қаржының жұмсалуын алдын ала жоспарламаудан болады», – дейді Б. Шайхиева.

Оның айтуынша, жоспарсыз қаржы эмоционалды шығынға шығарады. Осы ретте тренер әрбір адам өз табысын жоспарлап, кейін 10 пайызын жинауды ұсынады. Содан кейін тұрақты немесе тұрақсыз шығындарды есептеуі керек.

«Шығындармен жұмыс істеу кезінде Эйзенхауэр матрицасының маңызы зор. Яғни, шығындардың маңыздылығын ескеріп, уақытпен жұмыс істеуі. Егер адам маңызды шығынға қаржыны жұмсаса, әрі қарай эмоционалды шығынның алдын алады. Шын мәнінде уақыты тығыз адам жайдан жай артық қаржы жұмсамайды», – дейді тренер Бибігүл Шайхиева.

Семинар аясында жастармен практикалық жұмыстар жүргізілді. Сұрақтарға жауап беріп, қаржылық сауаттылықты арттыратын кітаптармен бөлісті.

Exit mobile version