Жастар қарттар үйінде сенбілік жасады

Бүгін Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының мамандары мен еріктілер 1 б шағынауданда орналасқан қарттар үйіне барып, сенбілік жасады. Шара «Таза Қазақстан» жобасының «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында өтті.

Сенбілікке Маңғыстау туризм колледжінің студенттері, «Волонтерлар корпусының» еріктілері қатысты. Олар қарттар үйінің ауласын қоқыстан тазартып, қураған шөптер мен қалдықтарды жинады.

Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру, табиғатқа жанашырлығын ояту, адами құндылықтарды насихаттау.

Жастар әр сенбі сайын қала аумағына сенбілікке шығады. Осы орайда еріктілер қала тұрғындарын табиғатты аялауға, қаланың тазалығын сақтауға шақырды.

Exit mobile version