Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығы МО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мамандарымен бірге рейд өткізді, – деп хабарлайды облыстық жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметі.
Олар 1, 1 в және 6 шағынаудандарда 100-ге жуық граффити жазуын өшіріп, есірткі жарнамаларының алдын алды.
МО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Д. Қолғанатовтың айтуынша, жыл басынан бері Ақтауда граффити жазуын өшіру бойынша төрт профилактикалық жұмыс, яғни 3, 9, 1, 1 в шағынауданда өткізілді. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасады.
Облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Гүлмира Баянқызы нашақорлықпен күрес бәрімізге ортақ мәселе екенін айтты. Осылайша ол барлық жастарды жаман әдеттен аулақ болуға, спортпен шұғылдануға шақырды.