Жастар ерекше оқырмандарға кітап оқыды

Бүгін облыстық жастар ресурстық орталығының мамандары мен еріктілер көру қабілетінен айырылған жандарға «Қыз Данайдың қырғыны» атты кітап оқып берді.

Арнаулы кітапханаға тұрақты 10 шақты адам келді. Олар оқиға желісімен танысып, кітап идеясын түсінген соң бір-бірімен қызу талқылау жүргізді. Содан соң 9 ақпан М. Мақатаевтың туған күніне орай ақын шығармалары оқылды.

Айта кетейік, кітапханада көзі нашар көретін, зағип жандарға қызмет ету 1971 жылдан бері басталған.

 

Exit mobile version