Жастар арасында республикалық байқауға құжат қабылдау басталды

Еліміздің «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Күшіміз бірлікте» патриоттық жобасын өткізуді жоспарлап отыр.

Бұл жоба Мемлекте басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына жолдауын жастардың арасында кеңінен насихаттау мақсатында қолға алынған. Соның ішінде «ҚР Жастар саясатының үздігі», «ҚР 100 үздік студенті» атты республикалық байқаулар өтпек.

«Қазақстан – дарынды жастар мекені. Ертең еліміздің абыройын асыратын да – осы талантты ұл-қыздар. Біз олардың өрісін ашып, қарым-қабілетін шыңдау үшін бар мүмкіндікті жасауға тиіспіз. «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «ҚР жастар саясатының үздігі» атты республикалық форумына қатысуға шақырамыз!», – деп жазылған байқау бағдарламасында.

Бұл сында бас жүлдеге еліміздің Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков сыйлығы беріледі. Ал форум мақсаты еліміздің белсенді жастарының арасында байланыс орнатуға бағытталған.

Байқау шартында «ҚР Жастар саясатына қосып жүрген үлесім», «Әділетті қазақстанды Адал азаматтар басқарады», «Ұлт патриоты – ел болашағы» секілді тақырыптың бірін қатысушы таңдап, көлемі 2 беттен аспайтын эссе жазуы қажет. Эссеге қойылатын талаптар: мәтін MS Word форматында, 2 беттен артық емес, кегл өлшемі 14, интервал 1.0, шрифт Times New Roman, беттердің барлық жағынан өлшемі 20 мм.) Сондай-ақ, қатысушы эссемен бірге өтініш кестесін толтырып, өзінің жұмыс-барысындағы жеткен жетістіктерін, диплом, куәлік, сертификаттарының көшірмелерін және жеке-фото суретін (3/4) қоса 25- ші ақпанға дейін altyn-kitap2020@mail.ru почтасына жіберуі қажет.

Ұйымдастыру алқасының сайты: http://bilim-ork.kz/ Инстаграм парақшасы: bilim_orkeniety, best_student.kz.

Тел: 8-708-175-49-73; 8-747-702-52-62; 8-707-142-74-40.

«ҚР 100 үздік студенті» атты талантты студенттердің байқауына құжаттар ғылым, өнер, спорт саласында ақпан айының 25-не дейін қабылданады. Оған ұйымдастырушылық қабілеті жоғары (Студенттік ұйымдар төрағалары мен белсенділері) жетістікке жеткен студенттерден қабылданады.

Ұйымдастыру алқасының сайты: http://bilim-ork.kz/ Инстаграм парақшасы: bilim_orkeniety, best_student.kz.

Тиісті мәліметті 8-708-175-49-73, 8-747-702-52-62, 8-778-742-74-40 нөмірінен білуге болады.

Сондай-ақ, ақпан айының 25-не дейін дейін best_student_2022@mail.ru электронды мекен-жайына өтініш кестесімен бірге жолдауы тиіс.

Exit mobile version