Жастар абаттандыру жұмыстарын жүргізді

Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының мамандары Жаңару күнінде тазалық жұмыстарын жүргізді.

Жастар үйінің айналасындағы ағаштарды әктеп, қоқыстан тазартып, орындықтарға жаңа өң берді.

Шараның мақсаты – қоршаған ортаға жанашырлық таныту, табиғатпен тығыз байланыс орнатып, жаңа күнді, жаңа жылды тазалықпен бастау.

Тазалық жұмыстары Наурызнама онкүндігі аясында ұйымдастырылды.

Exit mobile version