Жас көшбасшыларға арналған байқау жарияланды

Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ қолдауымен «Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігі «Өңір жастары арасында көшбасшылық қабілеттерін дамыту және жас көшбасшылардың әлеуетін арттыру» атты жобасы аясында өңірдегі жас көшбасшыларға арналған байқауды жариялайды.

Байқаудың мақсаты жас көшбасшыларды оқыту жұмыстарына қатыстыру арқылы өңір жастарының көшбасшылық қабілетін дамыту.

Байқауға Маңғыстау облысында тұратын 18 бен 35 жас аралығындағы белсенді әрі көшбасшы жастар қатыса алады.

Байқауға қатысу арқылы сіз 7 көп компонентті оқытудан өтесіз және жас көшбасшылардың жаңа пуліне қосыласыз.

Толығырақ төмендегі сілтеме арқылы ереже және өтініммен таныса аласыз

https://drive.google.com/drive/folders/1hIpFzQjzILJEqmn6WaGu3bTL98Zbr0KE

Exit mobile version