Жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға конкурс басталады

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 2023-2025 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалым – постдокторанттардың іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.

Конкурстық құжаттамаға сәйкес өтінімдер ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша қабылданады:

– Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология;
– Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар;
– Энергетика және машина жасау;
– Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;
– Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі;
– Өмір және денсаулық туралы ғылым;
– Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;
– Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;
– Білім және ғылым саласындағы зерттеулер;
– Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс және мамандырылған ғылыми бағыттар.

Конкурстық өтінімдерді қабылдау 31 қазанға дейін https://is.ncste.kz сайтында жүргізіледі.

Exit mobile version