Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы негізінде “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КеАҚ қолдауымен “Жаңаөзен қаласындағы және оған іргелес ауылдардағы ҮЕҰ әлеуетін арттыру” әлеуметтік жобасы жүзеге асуда. Жобаны жүзеге асырушы “Parasat Pro” қоғамдық қоры жоба аясында “ҮЕҰ үшін қолайлы жағдай жасау және бәсекеге қабілетті үкіметтік емес секторды дамыту” атты үш күндік оқыту курсы өткізді.
Курсқа Жаңаөзен қаласының үкімкттік епес ұйымдарының басшылары мен құрылтайшылары қатысты. Курстың алғашқы күнінде Жаңаөзен қаласының ҮЕҰ басшыларына жоба жайлы жалпы түсінік берілді. Жобадағы басты мақсаттар мен міндеттер, оны сәтті жүзеге асыру, “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығына” жазылатын жобалық өтінім нысанының ерекшеліктері, жоба тәуекелдері мен тұрақтылығы, сандық және сапалық нәтижелердің маңыздылығы түсіндірілді. Үш сағатқа жуық өткен жиында белсенді ұйым өкілдері өз сұрақтарын қойып, тиісінше толымды жауап алды. Жиын соңы талқы мен пікірталасқа, сұрақ-жауап форматына ауысып, тапсырыс беруші қалалық ішкі саясат бөліміне ҮЕҰ-лар жұмысын жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар ұсынылды.
Жаңаөзен қалалық оқушылар шығармашылық үйінің мәжіліс залында Жаңаөзен қаласының үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерін оқыту курсының екінші күнінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы түсінік берілді. Әлеуметтік тапсырысқа қатысу, әлеуметтік тапсырысқа арнайы жоба жазу, әлеуметтік жоба мен бизнес жобаның айырмашылықтары, МӘТ пен гранттың айырмашылығы, шағын гранттар, техникалық ерекшеліктер туралы сөз болды.
Оқыту курсының үшінші қорытынды күні қаржылық сауаттылыққа арналды. Арнаулы спикер Жаңаөзен қаласының үкіметтік емес ұйым өкілдеріне қаржылық менеджмент жөнінде түсінік берді. Жобалық басқару, жоба сметасын жасақтау, ҮЕҰ есебін тапсыру, өзге де қаржылық операцияларды жүргізу жөнінде толық мағлұмат беріп, сұрақтарға жауап берді.
Үш күндік оқыту курсы соңында қатысушы ұйым өкілдеріне арнайы сертификаттар табысталды.