Жаңаөзендік жүзушілер республикалық жарыстан жүлделі оралды

Жаңаөзендік жүзушілер 24-26 қарашада Ақтөбе қаласында жүзуден өткен «Ақтөбе үміттері» республикалық ашық турнирінде жүлделі орын алды, деп хабарлайды mangystauzhastary.kz сайты Маңғыстау облысы «Қоғамдық коммуникация орталығы» қызметіне сілтеме жасап.
Жарысқа Жаңаөзен қаласынан 11 спортшы қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша Әбдінұр Ақмұрат 50м брасс әдісінен ІІ орынды иеленді. Ал Ақжол Текебай 100м брасс әдісінен ІІІ орын алды. Спортшыларды жарысқа Қуантай Жарылғапов пен Арман Бишембаев дайындаған.
-Бұл жарысқа былтыр қатысып, 5-орын алған едік. Биыл дайындықты күшейттім. Бір жыл бойы осы жарысқа дайындалдық. Нәтижесінде жақсы жетістікке жеттік деп ойлаймын. Дегенмен әлі де жақсартуға тырысып жатырмыз. Жарыста қарсыластар өте мықты болды. Жалпы, су спорты баланы физикалық тұрғыда шымыр етеді. Кез келген ықыласы бар бала 5 жастан бастап қатысуға болады.
Бастысы, бала өзінің қалауымен келуі керек, деді жаттықтырушылардың бірі Қуантай Жарылғапов.
Айта кетейік, жарыс 2010, 2011, 2012 және одан кіші жасөспірімдер арасында ұйымдастырылды. Турнирге республиканың барлық облысынан 18 командадан 511 спортшы қатысты.
Exit mobile version