Жаңаөзендік жас оқырмандар Дулат Исабековтің шығармасын талдады

Жаңаөзенде кітапсүйер оқырмандар оқыған шығармаларын талдауға арналған басқосу өткізді. Қалалық жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған “Oqyrman оrta” кітап клубында Дулат Исабековтың “Гауһартасын” тәмамдаған оқырмандар шығарманы талдап, өзара ой бөлісті.

Аталған туындыда ағайындылардың екі түрлі тәрбие алып, нәтижесінің қалай өрбігені туралы жағдай суреттеледі. Үйдің үлкен баласы Ыбыш әкесі сияқты өте қатал, өзін нағыз ер адам деп санайді. Үнемі үнсіз жүріп, тек қажет кезде ғана сөйлеу керек деп санайды. Ал Ыбыштың інісі Қайыркен анасына тартқан мейірімді, әділ және шығармашылыққа жақын жан болып өседі.

Осы ретте жаңаөзендік оқырмандар шығарма туралы ойларын ортаға салып, кітаптан алған әсері туралы әңгіме өрбітті. Сонымен бірге, алда қандай кітап оқитындары туралы келісіп, шығарманы бірге таңдады. Шығармашылық жиын соңында шараға белсенді ат салысқан оқырмандарға қалалық жастар орталығы атынан естелікке кітаптар сыйлық ретінде табысталды.

 

Exit mobile version