Жаңаөзендік мұғалім мен әдіскер жалпыұлттық байқаудың жеңімпазы атанды

Астана қаласында «XXI ғасырдағы Алаштың ақ жолы» жалпыұлттық байқауының қорытынды кезеңі өтіп, Жаңаөзен қаласындағы оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Сүлеймен Құлдан мен №18 мектептің тарих пәнінің мұғалімі Динара Сисенова жеңімпаз атанды.

Алаш қозғалысының саяси тәжірибесін, экономикалық бағдарламасын және рухани мұрасын қазіргі Қазақстан қоғамын жаңғырту контексінде зерделеу мен насихаттауды мақсат ететін байқау биыл 11-рет өткізіліп отыр.

Атап өту керек, бұған дейін Оралда өткен биылғы байқаудың ІІ кезеңіне сараптау комиссиясы байқауға түскен жұмыстарды тексерді. Нәтижесінде 4 номинация бойынша жалпы саны 40 үздік жұмысты іріктеп, қызу пікірсайыстың нәтижесінде ақтық кезеңге 13 үздік жұмыс өткен болатын. Әділқазылар алқасының шешімімен Жаңаөзен қаласындағы оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Сүлеймен Құлдан және №18 жалпы білім беретін мектептің тарих пәнінің мұғалімі Динара Сисенова жеңімпаз атанды. Жеңімпаздарды марапаттау 13 желтоқсан күні өтті.

Exit mobile version