Жаңаөзендік балуан қыз әлем чемпионы атанды

Ағымдағы жылдың 12-15 қазаны күндері Астана қаласында белбеу күресінен 2002-2004 жылғы ұлдар мен қыздар арасында әлем чемпионаты өтуде. Аталған жарыста №1 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті Маржан Қаналиева әлем чемпионы атанды. Қуанышты жаңалықты алтын медаль иегерінің жеке жаттықтырушылары, қаламызға белгілі дзюдо бапкерлері Мелс Жүнісбаев пен Асхат Утесбаев жеткізді.

Қыздар арасында 66 килоға дейінгі салмақта Маржан Монғолия, Ресей спортшыларына шақ келтірмей, финалдағы белдесуінде қарсыласын 10:3 есебімен жеңді.

Exit mobile version