Жаңаөзендік 177 оқушы еліміздің үздік оқу орындарына қабылданды

The interior has a armchair on empty white wall background,3D rendering

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қолдауымен жүзеге асып жатқан «Жарқын болашақ» жобасы аясында Жаңаөзен қаласының көпбалалы отбасынан шыққан дарынды балалары еліміздің арнайы орта білім алу мекемелерінде тегін оқу мүмкіндігіне ие болды.

Қыркүйек айының басынан бері аталған жоба аясында 149 оқушы Қазақстанның 11 қаласындағы 44 колледжде білім алуды бастаған. Тағы 28 жеткіншек басқа бағыттарды таңдауды құп көрген. Мәселен, 12 бала республикалық өнер колледждеріне, 6 оқушы олимпиадалық резервтегі республикалық спорт мектеп-интернаттарына түссе, 10 жас болашақ маман республикалық физика-математика мектебіне іріктелген.

Компания өкілдерінің айтуынша, қайырымдылық көмек оқу орындарының жатақханаларында тұру мен оқу ақысының шығындарын өтейді. Аталған бастаманың мақсаты – көпбалалы, толық емес, мүгедектігі бар жандар асырап отырған отбасылар, сондай-ақ патронаждық отбасылардан шыққан балалар сияқты халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау.

Exit mobile version