Жаңаөзендегі оқушылар шығармашылық үйіне күрделі жөндеу жүріп жатыр

Жаңаөзен қаласы, “Өркен” шағын ауданында Оқушылар шығармашылық үйі ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған жұмыстарды “СМК Атамекен” ЖШС мердігер компаниясы игеру барысында. Мамыр айында басталған құрылыс бүгінгі таңда аяқталуға таяу.

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда ғимараттың сыртқы құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде.

Оқушылар шығармашылық үйі екі қабаттан тұрады. Оның ішінде коворкинг орталығы, жаңа заманауи талапқа сай жабдықталған мобилогафия, шахмат кабинеті,спорт, конференция және ерекше дизайнға сай демалыс залы мен кітапхана бар.

Айта кетейік, бұл ғимарат қараша айында қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр.

Exit mobile version