Жаңаөзенде үздік логотипке байқау жарияланды

Жаңаөзен қаласының 55 жылдық мерейтойына арналған ең үздік логотипке байқау жарияланды.

Байқау Жаңаөзен қаласында 2023 жылы өтетін мерейтойлық іс-шараларда пайдалану үшін заманауи, бірегей және есте қаларлық логотип жасау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Байқауға қатысуға дизайн саласында білімі бар, 18 жастан асқан заңды және жеке тұлғалардың логотиптері ұсынылады. Жеңімпаз ақшалай сыйақымен марапатталады.

Байқау 2022 жылғы 20 желтоқсаннан бастап 2023 жылдың 10 қаңтарына дейін бірнеше кезеңде өткізіледі. Байқау жұмыстары 31 желтоқсанға дейін қабылданады.

Өтінімді және өз жұмысыңызды мына мекен-жайға «Конкурс Логотип» белгісімен a.zhanbyrbai@mangystau.gov.kz электрондық поштасына жібере аласыз.

Exit mobile version