Жаңаөзенде ҮЕҰ әлеуетін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы негізінде, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ қолдауымен, «Parasat Pro» қоғамдық қоры «Жаңаөзен қаласындағы және оған іргелес ауылдардағы ҮЕҰ әлеуетін арттыру» әлеуметтік жобасын жалғастыруда.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, жоба аясында үкіметтік емес ұйым басшылары 3 күндік оқудан өтіп, «ҮЕҰ үшін қолайлы жағдай жасау және бәсекеге қабілетті үкіметтік емес секторды дамыту» тақырыбында бірқатар дүниелерді меңгерген болатын.

Келесі кезекте, аталған қоғамдық қор ауылдық ҮЕҰ-ға арналған әдістемелік құралды дайындаған. Әдістемелік құралда үкіметтік емес сектор туралы бірқатар сұрақтарды қамтиды. Жоба және оны жазу, іске асыру мен есеп тапсыру, өзге де қаражат көздерін табу және нәтижелікке жұмыс істеу секілді өзге де тақырыптарды қамтыған әдістемелік құрал Жаңаөзен қаласының үкіметтік емес ұйымдарының басшыларына, оның мүшелері мен жергілікті әкімдік мамандарына үлестірілген.

Exit mobile version