Жаңаөзенде тұрғындар жиһаз дайындау курсынан өтті

Жаңаөзен қаласына қарасты Кендірлі ауылында 15 адам жиһаз дайындаудан екі айлық курстан өтті.

Жобаның мақсаты – ауылдың жұмыссыз жүрген ер азаматтарына жиhаздардың дайындалу жолдарын үйретіп, жұмыспен қамтамасыз ету.

Аталған жобаны «Мәңгілік ел Маңғыстау» жеке қорының директоры Рухия Қалдыбай ұйымдастырды. Ол Маңғыстау облысында «Бір терезе»қағидаты бойынша «Үкіметтік емес ұйымдарды қолдау үшін азаматтық орталықты ұйымдастыру және дамыту» жобасы аясында шағын грант ұтып алған.

-Жоба аясында жұмыссыз 15 ер азамат Кендірлі ауылындағы ағаш цехына кіру үшін арнайы оқыту курсынан өтті. Сондай-ақ, курс барысында дайындалған жиhаздар сол ауылдағы осал топтағы жанұяларға таратылады, – деді Рухия Қалдыбай.

Аталған жоба Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы тапсырысы бойынша және КЕАҚ «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «Маңғыстау облыстық азаматтық альянсы» ЗТБ «Маңғыстау облысында «Бір терезе» қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарды қолдау үшін азаматтық орталықты ұйымдастыру және дамыту» атты жобасы аясында жүзеге асырылды.

Exit mobile version