Жаңаөзенде синтетикалық есірткімен күрес шаралары жүруде

Жаңаөзен қалалық полиция басқармасы Жаңаөзен қаласының әкімдігімен бірлікте жаңаөзендік ерікті жастарды тарта отырып, есірткімен күрес мақсатында қаладағы синтетикалық есірткі жарнамаларын өшіріп, профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Бүгіннің өзінде бұған дейінгі өшірілген жарнамалар жаңартылып, көпшілігі 4 ш/а үй жайлар мен қараусыз қалған ғимараттардың іргесінде орналастырылғаны байқалып отыр.

Ерікті жастар бұндай іске әрдайым атсалысатынын жеткізіп, замандастарын зиянды нәрселерден аулақ болуға шақыруда.

– Есірткімен күрес, оның ішінде кең таралған синтетикалық есірткімен күрес жұмыстары қаламызда әр түрлі форматта жүзеге асырылуда. Бүгінгі қоғамның дертіне айналған мәселе баршамызға ортақ іс болғандықтан бұндай шараларға тек жас еріктілер ғана емес, аға буын өкілдері, азаматтық белсенділер, депутаттар мен белсенді әлеуметтік желі қолданушылары (блогерлер), ата-аналардың араласып, үлес қосуы орынды болмақ,- дейді белсенділер

Жаңаөзен қаласының қоғамдық даму орталығымен полиция қызметкерін, медицина маманын қатыстыра отырып, білім беру мекемелерінде жастар мен жасөспірімдерге арналған кездесулердің кестесі жасақталған болатын. Осыған орай, қала әкімдігі қоғам белсенділерін алдағы профилактикалық шараларға бейжай қарамай, ықпалдасуға шақырады.

Exit mobile version