Жаңаөзенде инклюзивті қолдау кабинеті ашылды

Жаңаөзен қаласындағы Қызылсай ауылында орналасқан №9 «Қызылсай» бөбекжайында және «Арай» шағынауданында орналасқан №10 «Арай» бөбекжайында ерекше білімді қажет ететін балаларға инклюзивті қолдау кабинеті ашылды.

Инклюзивті қолдау кабинетінің ашылу салтанатына Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің басшысы Өсербай Табынчаев, Маңғыстау облысы білім басқармасының «Аймақтық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» КММ меңгерушісі Лаззат Менешева, білім бөлімінің бас маманы Гаухар Ешбаева және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

Аталған бөбекжайларда психолог, логопед, дефектолог мамандар жұмыс істейді. 56 тәрбиеші ерекше балалармен жұмыс жасау үшін арнайы курстардан өтіп, біліктіліктерін арттырған.

Бүгінде Жаңаөзен қаласында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына сәйкес ерекше білімді қажет ететін 113 оқушы жеңілдетілген бағдарламамен білім алуда.

Exit mobile version