Жайдарман ойынының 1/4 ширек финалдық сайысы өтті

22 мамыр күні Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен Маңғыстау облыстық ашық чемпионатының “Премьер лига” сайыстары бойынша жайдарман ойынының 1/4 ширек финалдық сайысы өтті.

Ширек финалдық бәсекеде “Маусымашар-2023” фестивалінің қорытындысы бойынша “Премьер лига” сайыстарына жолдама алған 12 команда өнер көрсетті.

Аталған ойында командалар 2 топқа бөлініп, сәлемдесу сайысы бойынша бәсекеге түсті. Қазылар алқасының шешімімен өнер көрсетіп, көрермендердің ықыласына бөленген 8 команда жартылай финалдық бәсекеге жолдама алды.

Ал 23 мамыр күні Маңғыстау облыстық ашық чемпионатының “Жоғары лига” сайыстарына жолдама алған 12 команда өнер көрсетті.

Аталған ойында командалар 2 топқа бөлініп, жекпе-жек форматында бәсекеге түсті. Нәтижесінде 6 тікелей және 2 команда резервпен жартылай финалдық бәсекеге жолдама алды.

Exit mobile version