Youtube: Қазақ тіліндегі 3 пайдалы арна

YouTube платформасында қазіргі уақытта қазақ тілді сапалы,әрі пайдалы контент күннен күнге көбеюде. Назарларыңызға пайдалы 3 арнаны ұсынамыз:

Assel Shon
Әсел Жұмаділдаева жоғары оқу орнында ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс істейді. Автор өзінің Youtube арнасында ағылшын тілін үйренуге және lifestyle-ға қатысты видеоларды жариялайды. Арнадан IELTS-қа дайындалып, ағылшын тілінің ережелерін, тез сөйлеу жолдарын үйрене аласыз.

Sana ortalygy– қазіргі заманда керек дағдыларды үйретуге бағытталған арна. Парақшадан қаржы сауаттылығы, кітап оқу мен сөйлеу шеберлігінің қыр-сырын үйретететін бейнероликтерді таба аласыз.

Oljas Oqas. Олжас – танымал автожурналист. Автоблогер өзінің арнасында ай сайын автокөліктерге шолу жасап, машина жасау саласындағы жаңалықтармен бөлісіп, жазылушыларымен пікір алмасады.

Ал сіз қандай арналарды көресіз?

Exit mobile version