WorldSkills Competition 2022 Special Edition чемпионатына Маңғыстаудан қатысушы

2022 жылдың 3 қыркүйегі мен 28 қараша аралығында 10 елде және 16 қалада өтетін WorldSkills Competition 2022 Special Edition чемпионатында Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы қатысып кәсіби шеберліктерін көрсетеді. Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы 31 құзыреттілік бойынша қатысады.

Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы құрамында Маңғыстау облысынан «Прототиптеу» құзыреттілігі бойынша Мұханғалиев Нұрасыл (Бейнеу политехникалық колледжі) бар. Ол Швейцария елінің Берн қаласында 3-12 қыркүйекте өтетін чемпионатқа қатысып бақ сынайды.

Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Exit mobile version