WAMAS-2023: Маңғыстаулық жас супер чемпион атанды

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Әсия Қобылашова халықаралық WAMAS-2023 байқауында жеңіске жетті.

5-6 шілде күндері Анталияда Дүниежүзілік менталды арифметикадан байқау өтті. Байқауға Қазақстан, БАӘ, Румыния, Ресей, Сауд Арабиясы, Сирия, Ливан, Алжир, Әзербайжан, Болгария, Иордания, Ирак, Египет, Молдова, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан елінен келген оқушылар қатысты. Әлемнің 18 елінен 400 дарынды бала қатысқан WAMAS-2023 байқауында Қазақстан атынан барған Зияткерлік мектептің 9-сынып оқушысы Әсия Қобылашова оза шауып, супер чемпион атанды. Чемпиондар мен супер чемпиондарға 100-300 доллар көлемінде қаржылай сыйлықтар табысталды.

«WAMAS» байқауы 5 жылдан бері өткізіліп келеді. Менталды арифметика білім берудің инновациялы, яғни жаңашыл саласы. Бұл жаңа әдіс баланың арифметикалық дарынын дамытуға арналған. Менталды арифметикадан олимпиадалық жарыстар жылына бір рет ұйымдастырылады. Биыл байқауды «Анталия қалалық әкімшілігі» және «Қазақстан және Еуразия мемлекеттерінің достық және мәдениет қауымдастығы» бірлесіп ұйымдастырды.

Exit mobile version