Волонтерлік бастамаларды іске асыруға шағын грант беріледі

«Мархабат.KZ» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлесітігі «Birgemiz: Qamqor» жалпыұлттық жобасын іске асыру аясында қарттар үйлеріне, əлеуметтік қорғау жүйесінің əлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына волонтерлерді тарту бойынша шағын гранттар байқауын жариялады.

Байқаудың мақсаты – қарт адамдардың өзекті мəселелерін шешуге бағытталған волонтерлік бастамаларды іске асыру, əлеуметтік қызметтер көрсететін əлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарына, оның ішінде қарттар үйлерінде волонтерлерді тарту. Байқауға Қазақстан Республикасының нысаналы өңірлерінің бастамашыл топтары мен үкіметтік емес ұйымдары қатыса алады.

Гранттың жалпы сомасы – 9 000 000 теңге. Байқау шеңберінде 30 шағын грант жеңімпазы анықталады. Олардың әрқайсына волонтерлік бастамаларын іске асыру үшін 300 000 теңге беріледі.

Шағын гранттар байқауына өтініш беру 11 мамырдан басталып, 28 мамыр күні аяқталады. Ал байқау жеңімпаздарының есімі 3 маусымда жарияланады.

Толық ақпарат және ережемен @marxabat_kz  парақшасының профилінен таныса аласыз.

Exit mobile version