“Рекорд” командасындағы 21 жастағы Мағжан Абдолұлы 1300 шақырымның соңғы 50 шақырымын бағындыруға таңғы сағат 7:10-да аттанып, Түркістандағы мәре сызығын 08 сағат 44 минут 09 секундта мәреге бірінші болып жетті.
Боранқұл ауылынан Бекболат Талғатұлы қосқан тұлпарды баптаған сейіс Есболат Бекұлы. Шабандозы – қызандық Мағжан Абдолұлы.
Қазақ жылқысының атын Гиннес рекордтар кітабына енгізуді көздеген азаматтарға төрешілер шешімімен қомақты жүлдеқоры беріледі.
1-орынға – 2,5 миллион теңге, 2-орынға – 2 миллион теңге, 3-орынға – 1,5 миллион теңге беріледі.