Үздік сурет Ақтау көшесіне қойылды

Ақтаудағы «Ынтымақ» алаңына «Жемқорлықсыз әлем» байқауының жеңімпазы Інжу Нұрланқызының салған суреті ілінді.

-Жемқорлық тақырыбы өте өзекті мәселе. Осы конкурс арқылы балаларда жемқорлық жайлы терең түсінік қалыптасатынына сенімдімін. Бұл жарысқа оқушымның қатысып, топ жарғанына қуаныштымын. Қалада шәкіртімнің суреті ілініп тұрғаны мен үшін – мақтаныш,- деді ұстазы Нұрболат Жазықбаев.

12 жастағы Інжу Нұрланқызы – Абыл Тарақұлы атындағы балалар өнер мектебінің оқушысы.

Айта кетейік, 17 желтоқсан күні «Жемқорлықсыз әлем» тақырыбында сурет салу байқауының қорытындысы жарияланған еді. Жарыс нәтижесі бойынша 1-орынды Інжу Нұрланқызы иеленді.

Exit mobile version