ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік гранттар конкурсы жарияланды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік гранттар конкурсын жариялайды.

Конкурс «Zhas Project» жастар корпусын дамыту, азаматтық бастамаларды қолдау, әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге азаматтық қоғам институттарының әлеуетін тарту мақсатында өткізіледі.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының кеңсесі Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5, 5 қабатта орналасқан.

Өтінім қабылдау 14 тамыз, Астана уақыты бойынша сағат 18.30-да аяқталады.

Қосымша сұрақтар бойынша Орталық менеджерлеріне: 8 (7172) 79-08-04, 79-08-28, 79-08-07 нөмірлері арқылы хабарласуға болады.

Exit mobile version