ҮЕҰ әлеуетін арттыруды көздейтін әлеуметтік жоба қорытындыланды

Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы негізінде, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ қолдауымен, «Parasat Pro» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асқан «Жаңаөзен қаласындағы және оған іргелес ауылдардағы ҮЕҰ әлеуетін арттыру» әлеуметтік жобасы төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді:
– Жаңаөзен қаласындағы және оған іргелес ауылдардағы Үкіметтік емес ұйымдардың құқықтық сауаттылығы мен белсенділігін арттыру жұмыстары жолға қойылды;
– Үкіметтік емес ұйымдардың жұмыс жүргізу бағыттары айқындалды;
– Кездесулер, семинар-тренингтер мен тәжірибе алмасулар өткізу арқылы ҮЕҰ-ларға әлеуметтік жобаларды сапалы жазудың әдістері ұсынылды;
– Әлеуметтік желілерде қала тұрғындарына аталған өңірдегі ҮЕҰ-лар таныстырылды;
– Жоба бойынша ақпараттар қоғамдық қордың парақшасы арқылы әлеуметтік желілерде (Instagram, Facebook) жоба аяқталғанша жарияланып, тұрғындарды ақпараттандыру тұрақты түрде жүргізіліп отырды;
– Жобаның ақпараттық тұрғыда тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жоба атауына сәйкес әлеуметтік желілерде (Instagram және Facebook) «Zhanaozen_npo» деп аталатын арнайы парақшалар ашылып, жоба барысын фото, видео сүйемелдеумен айналысты;
– «ҮЕҰ үшін қолайлы жағдай жасау және бәсекеге қабілетті үкіметтік емес секторды дамыту» тақырыбында 3 күндік оқыту курсы өтті;
– Үкіметтік Емес ұйымдарды әлеуметтік жобаларға қатыстыру және азаматтық көзқарастарын дамыту мақсатында өзге ұйымдармен тәжірибе алмасу шарасы (семинар-тренинг) өткізілді;
– ҮЕҰ әлеуетін арттыруға арналған әдістемелік құрал дайындалды.

Exit mobile version