«Tulga bol»: Қарақиялық тұрғындар кеңес алды

Бүгін республикалық «Tulga bol» жылжымалы жәрмеңкесі аясында қарақиялық тұрғындар кеңес алды.

Кеңес алаңына 50-ге жуық адам келді. Олар жастарға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар, 2,5 пайызбен шағыннесие, тұрғын үй, оқуға қабылдау бойынша ақпараттармен танысты.

Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Наурызгүл Тәжединнің айтуынша, кеңес алаңына келген жастар қатары көп. Олар Ш. Есенов атындағы университетіне грантқа оқуға түсу бойынша қажетті мағлұматтар алды. Сонымен қатар «Отбасы банктен» шот ашып, тұрғын үй алудың тиімді жолдарымен танысты.

Еске салайық, «Tulga bol» жылжымалы жәрмеңкесі ҚР мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында өткізіп жатыр. Шара бір айға жалғасады.

Жылжымалы жәрмеңке енді ертең Құрық ауылындағы орталық Әлішер базары жанындағы таксопарк алаңында ұйымдастырылады.

Exit mobile version