Түпқарағандық жас футболшылар халықаралық турнирде топ жарды

Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр футбол үйірмесінің жас футболшылары «Қырғыз футбол одағының» 30 жылдығына арналған 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер арасында футзалдан халықаралық турнирде І орын иеленді.

Халықаралық турнир Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында 9-12 қазан аралығында өтті. Турнирге Қазақстан және Қырғызстан командалары қатысты.

-Бұл халықаралық турнир өте жоғары деңгейде өтті. Қарсылас командалар да жақсы мықты болды. Осы жарысқа ұтамыз деген мақсат қойып, өз дегенімізге жеткенімізге қуаныштымын, шәкірттерім үмітті ақтады, – деді команда бапкері Әділет Асанғалиев.

Турнир қорытындысы бойынша түпқарағандық команда өздеріне тиесілі кубок, медальмен қатар, 2023 жылдың жаз айында өтетін Ыстықкөл демалыс орнында өтетін турнирге жолдама ұтты және турнирдің «Үздік ойыншысы» номинациясын Қуатқали Адай жеңіп алды.

Exit mobile version