Түпқарағандық дзюдошы халықаралық турнирде чемпион атанды

ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы А.Айдархановты еске алу құрметіне Теміртау қаласында өтіп жатқан «Магнитка оттары» атты дзюдодан халықаралық жарыстың қорытындысы бойынша түпқарағандық дзюдошы Жансерік Нұрболұлы 50 кг саламақта 7 кезедесу өткізіп, чемпион атанды, — деп хабарлайды mangystauzhastary. kz сайты.

Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Қазақстанның 2006-2008 жылы туылған дзюдошылары арасында өткізіліп отырған дәстүрлі турнир осымен бірнеше жыл қатарынан тұрақты ұйымдастырылып келеді.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған жас спортшылар қатысуымен өткізіліп жатқан бұл турнир республикалық жарыстар күнтізбесіне енгізілген және дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұрады әрі оның қорытындылары Азиялық дзюдо одағының ресми сектасына енгізіледі.

Жансерік Нұрболұлы Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданының орталығы Форт-Шевченко қаласында жастарды спортқа баулу, дзюдо спортын дамыту мақсатында жергілікті жастардың қолдауымен ашылған Aq-Ketik sports жаттығушысы. Осыған дейін де аудан балаларын дзюдоға баулып келе жатқан орталықта Тоқжан Қуанова және Азамат Күмісбаев сынды жас бапкерлер жаттықтырады. Балаларды спортқа баулып отырған бұл спорт үйірмесінде бүгінде ауданның 120 баласы жаттықтырылуда.

Exit mobile version