Түпқараған ауданындағы сайлау учаскесіне келін келді

Күні кеше аудан орталығы Форт-Шевченко қаласындағы Еділовтер әулетіне келін түсіп, беташар өткен еді. Жас жұбайлар бүгін №228 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.

Ырысқали Еділов пен Гүлбаршын Жұбан ел Президентін сайлау күні отбасын құрғанына қуанышты. Ырысқали – жастар жанашыры, қоғам белсендісі. Бокстан өткен бірнеше жарыстарға демеушілік танытып, аудандағы спорттың дамуына үлес қосып жүрген белсенді азамат.

– Бүгін кешке үйлену тойымыз өтеді. Қуанышымызға ағайын-туыс пен дос-жаран ортақтаспақ. Бүгінгі күн тек біз үшін емес, бүкіл ел халқы үшін ерекше күн. Себебі бүгін біз еліміздің болашағын сеніп тапсыратын Президентімізге дауыс беріп жатырмыз. Еліміз үшін аса маңызды қадам болып табылатын осы сайлауға келіп дауыс бергеніміз үшін қуаныштымыз,- дейді жас жұбайлар.

Ал сайлау учаскесіне келген қариялар жас жұбайларға батасын беріп, ақ жол тіледі.

Exit mobile version