Теңіз жағалауында перформанс өтті

Ақтау қалалық суретшілер одағының ұйымдастыруымен «Жеті түс» бейнелеу өнерін дамыту жобасы аясында теңіз жағалауында ҚР Суретшілер одағының мүшесі Бейбіт Асемқұл қала тұрғындары мен қонақтарына арт-перформансын таныстырды.

Бейбіт Асемқұлдың арт-перформансында қамшымен жазылған туынды көрерменге танысырылып, талқыға түсті. Туынды авторының айтуы бойынша, бұл картинаны әр азамат өзінше ұғады, жан дүниесіне үңіліп, өміріндегі мәселелеріне шолу жасауға итермелейді.

Абстракция жазу бойынша өткен шеберлік сағат бағдарламасына сәйкес жазылған туындыны 40-қа жуық азамат тамашалады.

Аталған іс-шара Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен өтті.

Exit mobile version