«Таласбек» сыйлығына шығарма қабылдау жалғасып жатыр

ІІІ Республикалық «Таласбек» сыйлығы жарияланды, деп хабарлайды «Маңғыстау жастары» сайты.

Қазақ өнері мен мәдениетінің шырақшысына айналған Таласбек Әсемқұлов атындағы сыйлық төмендегідей 2 аталым бойынша жарияланады:

1-аталым: «Ең үздік зерттеу мақала»

Т.Әсемқұловтың «Талтүс», «Тәттімбет сері» романдарының терең қатпарлары мен онда жасырынған эксперименттік тәсілдерді ашып көрсете алатын, тарих, этнография, сыни бағытта жазылған шығармаларын, киноромандарын әр қырынан жан-жақты талдайтын танымдық деңгейі биік ең мықты зерттеу мақаласына беріледі. Көркемдік деңгейі төмен мақалалар қабылданбайды.

2-аталым: «Ең үздік әдеби шығарма»

Бұл аталымға қойылар талап – бейнелеу тілінің сонылығы, стиль мен шеберлік. Ұлттық нәрі мен мифологиялық қатпарының болуы. Көзде ұстайтын басты тақырып – адам құқығы мен шынайы құндылықтар. Ұлт мәдениетін жұтатын өркениеттер қақтығысы, қыршын өмірді жалмайтын соғыстың, ашаршылықтың кеспірі мен адам санасына салған сызатын, ұлт руханиятына жасаған қиянатын ашып көрсету. Әдеби шығарма аталымына жанрлық шектеу жоқ.

Әр аталым бойынша жұмыстарды қабылдау мерзімі 2022 жылдың 15 қыркүйегіне дейін. «Таласбек» сыйлығына ұсынылатын шығармалар talasbekasemkulov2022@gmail.com электронды поштасына жолдануы тиіс. Сонымен қатар, «Таласбек» сыйлығына ұсынылған әр шығарма «Әдебиет порталындағы» арнаулы парақшада жарияланып отырады. Нәтижесі 2022 жылдың 23 қыркүйегінде жарияланады. Ұсынылатын шығарманың бет санына, қатысушының жасына, тіліне шектеу жоқ. Қаріп – Times New Roman, мөлшері – 14.

Әр аталым бойынша үздік деп танылған шығармаларға 300 000 теңге сыйақы тағайындалған.

Exit mobile version