Sur-Place стипендиясына конкурс жарияланды

Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігі Sur-Place жергілікті стипендиясына конкурс жариялайды,- деп хабарлайды «Маңғыстау жастары» сайты.

Конкурсқа ҚР азаматтары; ЖОО күндізгі бөлімінің студенттері; бакалавр немесе магистратура түлектері қатыса алады. Олар құжаттарды тапсыру сәтінде 30 жасқа дейін болуы.

Қордың болашақ стипендиаттары екі кезеңдік конкурстық іріктеуден өтеді: құжаттар топтамасын тапсыру және әңгімелесу.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың толық пакетін электронды түрде: sps-kaz@kas.de e-mail-мекен-жайына ұсыну қажет.

Конкурстың айтарлықтай бір ерекшелігі – оның мерзімі жоқ.

Қосымша ақпаратты sps-kaz@kas.de электронды поштасына, сондай-ақ +7 7172 925 630 байланыс телефонына хабарласу арқылы білуге болады.

Exit mobile version