«Super bol»: Маңғыстаулық футболшы команда капитаны атанды

Ақтаулық жігіт Артем «Super bol» жобасында команда капитаны болды. Ол жастайынан футболға қызығушылық танытып, «Мұнайшы» мектебінде оқыған. Содан кейін «Каспий» әуесқой футбол құрамасында өнер көрсеткен.

Артем «Super bol» жобасына қатысып, кәсіпқой футболда ойын өрнегін көрсетуді армандаған. Бүгінде ол ойға алған мақсатына қолжеткізіп, команда капитаны атанды. Маңғыстаулық футболшының айтуынша, бұл ол үшін күтпеген қуаныш болған.

Енді маңғыстаулық Артем 12 шілдеде Алматының Орталық стадионында өзінің алғашқы кәсіпқой матчын өткізеді. Ойын Қайрат-Жастар командасы арасында өтеді.

Стадионға кіру тегін және матч сағат 19:00-де басталады.

Exit mobile version