Студенттік өзін-өзі басқару жүйесі қайта жанданады

Маңғыстау облысында жоғары және кәсіптік оқу орындарында студенттік өзін-өзі қалыптастыру жүйесі қайта жанданады. Бұл туралы «Ақтау студенттер Альянсы» қоғамдық қорының директоры Гүлмира Бурхандинова айтты.

Жақында аймақтағы оқу орындарының студенттік өзін-өзі қалыптастыру жүйесіне жауапты мамандармен кездесіп, жұмысын жетелдіруді ұсынды.

Студенттермен өзіндік жұмыс жүргізу дағдыларын пысықтап, идеялар мен ұсыныстар талқыланды. Алдағы жоспарлар айтылды. Енді әрі қарай студенттік өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыру үшін ай сайын Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығында кездесетін болды.

Exit mobile version