Студенттік көктем: музыкалық қойылым байқауы өтіп жатыр

Бүгін Достық үйінде облыс студенттері музыкалық қойылым бойынша өнер көрсетіп жатыр.

Байқауға өңірдегі 8 оқу орны қатысуда. Қатысушыларға «Жорға» би ансамблінің хореграфы, халықаралық байқаулар жеңімпазы Ерлан Матайбаев, М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының әншісі Фариза Ретбаева, Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Наурызгүл Тажедин, М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының әртісі, күйші Әлия Қарамұқанова және «Ақтау студенттерінің Альянсы» КҚ директорының орынбасары Жұлдыз Мұратхан қазылық етті.

Өнерпаздар музыкалық қойылым қою арқылы ән айтып, би билеуде. Сонымен қатар музыкалық аспаптарда ойнап, өз шеберліктерін көрсетуде.

Байқау қорытындысы бүгін 17:00-де гала-концертте белгілі болады. Сондай-ақ концертте «Студенттік көктем – 2023» облыстық фестивальге қатысушылар марапатталады.

Айта кетейік, турнирді «Ақтау студенттер Альянсы» корпоративтік қоры «Student Life» гранттық жобасы аясында Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен» бірлесе ұйымдастырды.

Exit mobile version