Студенттік көктем: Баскетболдан үздіктер анықталды

Бүгін, 18 мамыр күні «Студент көктемі – 2023» облыстық студенттік фестиваль аясында баскетболдан турнир өтті.

Баскетбол турниріне облыстағы оқу орындары студенттерінен құралған 7 команда қатысты. Олар тартысты ойын өрнегін көрсетті.

Нәтижесінде, 1-орынды Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі алды. 2-орынға Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі иеленді, ал 3-орынды Ақтау қаласы шетел тілдер колледжі қанжығаға байлады.

Қатысушыларға Қазыбек Айзақов, Магомед Хаштыров, Амир Кабулов, Глев Жуков, Иван Однокоз және Даниял Лесев төрелік етті.

Ұқсас жазбалар: Ақтауда облыстық студенттік фестиваль өтеді

Айта кетейік, турнирді «Ақтау студенттер Альянсы» корпоративтік қоры «Student Life» гранттық жобасы аясында Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен» бірлесе ұйымдастырды.

 

Exit mobile version