Бүгін Жастар орталығында «Student Life» гранттық жобасы аясында облыстағы барлық студенттік клуб жетекшілерінің қатысуымен алғашқы отырыс өтті.
Отырыстың мақсаты – студенттік клубтың жетекшілері мен жұмысын таныстыру, оқу орынның өзара ынтымақтастығын арттырып, жастар қызығушылығын анықтау.
Шараға өңірдегі 26 оқу орынның студенттік клуб жетекшілері қатысты. Олар клуб жұмысын жетілдіру бағытындағы ұсыныстарын айтып, бірлесе жұмыс жүргізуге ниет білдірді.
Өз кезегінде «Ақтау студенттерінің Альянсы» КҚ жетекшісі Гүлмира Бурхандинова студенттік клуб жұмысын үйлестіріп, белсенділігін арттыру мақсатында атқарылатын жобаларды баяндады. Алдағы уақытта аймақ жастарына студенттік клубтардың жұмысы кезең-кезеңімен таныстырылып, әлеуметтік желі және БАҚ-та жарияланатынын тілге тиек етті.
Әрі қарай да студенттік клуб жетекшілерінің кездесуі тұрақты түрде өткізіліп тұрады.