Студенттердің стипендиясы 2 есеге көбейеді

Президенттің сайлауалды бағдарламасы аясында Ғылым және жоғары білім министрлігінде 7 іс-шара қарастырылған. Бұл іс-шаралардың қандай бағыттарда жүзеге асырылатыны туралы Үкімет отырысында ведомство басшысы Саясат Нұрбек айтып берді.

“Қолжетімді және сапалы білім бағыты бойынша ЖОО студенттерінің стипендиясы 2 есеге ұлғайтылады. Стипендияны 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен арттыру қолданыстағы жол карта шеңберінде іске асырылады. 2026-2030 жылдар аралығындағы жұмыс осы тапсырма шеңберінде жалғасын табады”, – деді Ғылым және жоғары білім министрі.

Exit mobile version