Студенттер поэзия кешін өткізді

Жоғары және арнаулы оқу орындары студенттерінің қатысуымен «Поэзия сен менімен егіз бе едің?» атты поэзия кеші өтті.

Негізгі мақсат – жастардың шығармашылық қабілетін дамыту, поэзия мен көркем тілге деген сүйіспеншілігін ояту. Осы орайда жастар махаббат, отан, ана туралы жазылған ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Қатысушылар мен көрермендер лирикалық өлең шумақтарын тыңдап, рухани кемелдікке ұмтылды. Ақын сезімі мен ішкі құндылығын бағалауға тырысты.

Айта кетейік, поэзия кеші Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы аясында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесе «Ақтау студенттер Альянсы» ҚҚ ұйымдастырды.

«Қазақ деген ұлы халықтың бойында ананың ақ сүтімен, әкенің тулап аққан қанымен келетін бір үлкен дарын, қабілет бар. Жалпы поэзия деген сондай дарынның бірі іспеттес. Бүгінгі күн біз үшін рухани азық болды. Осындай поэзия, әдебиет сүйетін ортаға келгеніме қуаныштымын. Шара керемет болды. Ұйымдастырушыларға мың алғыс», – дейді студент Лаура Тасмұқан.

Exit mobile version