Студенттер арасында зияткерлік ойын өтті

Бүгін “Ақтау студенттер Альянсы” КҚ ұйымдастыруымен кәсіптік-техникалық оқу орындары студенттерінің қатысуымен “IQ” зияткерлік ойыны өтті.

Шапшаңдық пен тапқырлықты қажет ететін білімділер сайысына өңірдегі 10 оқу орнынан студенттер бақ сынады. Логикалық ұтқырлықты талап ететін сында Маңғыстау туризм колледжінің “Genius” командасы 1-орынға ие болды.

2-орынды “Асмет Ұлас” педагогика және қызмет көрсету инновациялық колледжінің белсенді жастарынан жиналған “Кальмар” тобы алды. Ал жүлделі 3-орынды Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары гуманитарлық колледжінің «Эрудить» командасы қанжығаға байлады.

Шара соңында Маңғыстау облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Мұқаш Оралбай білімімен жүзден жүйрік шыққан командаларды құттықтап, естілік сыйлық табыстады. Сондай-ақ “Ақтау студенттер Альянсы” КҚ алғыс хатымен марапатталды.

Зияткерлік ойын “Students life” жобасы аясында облыстық жастар саясаты басқармасының қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесіп «Ақтау студенттер Альянсы» КҚ өткізді.

Exit mobile version