Студенттер арасында үстел теннисінен турнир өтті

«Студенттік көктем – 2023» фестивалі аясында үстел теннисінен турнир өтті. Турнирге спорттық жарыстардан үздік атанған 4 команда қатысты, – деп хабарлайды «Ақтау студенттер Альянсы» баспасөз қызметі.

Нәтижесінде І орынды Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы жоғары педагогикалық колледжі иелінді. Ал ІІ орынға «Каспий өңірі «Болашақ» колледжі ие болды. Жүлделі ІІІ орынды «Каспий» жоғары педагогика және салалық технологиялар колледжі қанжығаға байлады.

Үстел теннисінің өтуіне «SUNQAR» теннис клубы қолдау көрсетті.

Айта кетейік, турнирді «Ақтау студенттер Альянсы» корпоративтік қоры «Student Life» гранттық жобасы аясында Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен» бірлесе ұйымдастырды.

Exit mobile version