Спорт мектебінің үздік спортшыларына арнайы киім берілді

Ақтаудағы «Жас батыр» спорт мектебінде республикалық және халықаралық жарыстарда көзге түскен 150 спортшы мен жаттықтырушыларға спорттық киімдер табысталды.

Іс-шара бүгін, 19 желтоқсан күні жүздеген спортшы жаттығатын «Жас батыр» спорт мектебінде өтті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша олардың көпшілігі халықаралық жарыстарда, ел біріншілігі, Азия және әлем чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болды.

Сондай-ақ, бүгін «Жас батыр үздігі-2022» марапаттау рәсімі өтеді. Бұл шарада 2022 жылы жақсы нәтиже көрсеткен спортшылар марапатталады.

Оған қоса, әлемдік додаларда жеңістің төрінен көрініп жүрген спортшылар да Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың алғыс хатымен марапатталады.

Exit mobile version